Экономика

«Қазақтың жері шетелдіктерге сатыла ма?» Мемлекет басшысы жауап берді

Тоқаев жерге қатысты мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жердің шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Қостанай облысында шаруа қожалықтары басшыларымен болған кездесуде айтты. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды. 

"Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің президент ретіндегі берік ұстанымым!", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында жазды.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында жұмыс сапарымен жүр. Сапар барысында мемлекет басшысы Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастығы форумына қатысты.

Сонымен қатар, ол өңірдің бірқатар кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарын аралап көріп, Қостанай қаласы әкімдігі қоғамдық қабылдауының жұмысымен танысты.