Саясат

Зеленский инаугурация кезінде өзін қалай ұстады?

Эксперт пікірі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде, соның ішінде инстаграмда көп талқыланып жүрген, түрлі эмоциялар мен дене қимылының әрекетіне қарай ғылыми баға беріп жүрген Сергей Бубович Украина президенті болған Владимир Зеленский туралы өзінің жазбасын қалдырды.

Мен бұл жағдайға вербалды емес көзқараста баға беремін:

-   Ол айналасындағы адамдармен өте жақын араласуды қалайды. Ешқандай қорқыныш не сақтық шарасы жоқ. Бұл оның халықпен жақын екенін көрсетеді. Әзірге оның әрекетіне қарай халықтың сенімділігі жоғары.

-   Сөйлеу кезінде ол эмоциясын жасыра білді. Ол өзінің эмоциясын басқару арқылы, әр сөйлеген сөзіне ырғақ пен екпін бере отырып, маңызды мәселе талқылап жатқанын жеткізгісі келеді. Ол енді әзілкеш емес, ол – Басшы.

-   Вербалды емес көзқарастағы сарапшылардың онымен тығыз жұмыс жасағаны көрініп тұр. Өйткені оның өзін ұстауы, қолы,ерін қозғалысы, денесі, қол беріп, қол алысу деген түрлі әрекеттердің бәрі өте сәтті шыққан.

Эксперттің пікірінше, Зеленский алғашқы қадамды сәтті бастады.

Айта кету керек, 41 жастағы Владимир Зеленский Украина мемлекетінің 20 мамырдан бастап ресми түрде жаңа президенті.