Hi-Tech

Facebook миллиондаған ықпалды қолданушылардың шоттарын бұзды

Тосын жаңалық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Instagram әлеуметтік желісі шамамен 50,000,000 тұтынушының байланыс деректерінің қорғалмаған дерекқорда қалай онлайн түрінде сақталатынын білуге тырысып көргендерін айтты.

Тосын жайтты хабарлаған TechCrunch деректер "ықпалды" деп аталатын жоғары дәрежелі пайдаланушылардың электронды пошта және телефон нөмірі сияқты жеке ақпараттарды қамтиды деп мәлімдеді.

Дерекқор Chtrbox деп аталатын Mumbai-based компаниясында сақталған.

Facebook-ке тиесілі саналатын Instagram BBC-ге дереккөзді табуға тырысқанын айтты.

"Біз сипатталған деректер оның ішінде электрондық пошта және телефон нөмірлердің Instаgram желісінен немесе басқа дереккөздерден келгені туралы мәселені зерттеу үстіндеміз. Сондай-ақ Chtrbox компаниясына осы деректердің қайдан келгенін және қалай қолжетімді болғаны туралы сауал тастадық" – делінген хабарламада.

TechCrunch баяндамасында аталған деректерде пайдаланушылардың орналасқан жері туралы ақпараттың да  болғаны жайлы айтылған.

Негізінде дерекқор Amazon серверінде сақталған және құпия сөзбен қорғалмаған. Бұл туралы мәліметті Үнді зерттеушісі байқап, TechCrunch компаниясына хабарлап ескерткен.

Chtrbox дерекқорды дербес түрде сақтайтын маркетингтік компания болып саналады. Ал оның мәлімдемесінде "мәліметтер шындыққа жанаспайды".

"Аз мөлшердегі ықпалды қолдарушылардың нақты дерекқоры абайсызда шамамен 72 сағат бойы жарияланып кеткен".

"Бұл дерекқорда ешқандай жеке бастық құпия мәліметтер жоқ,және тек жалпыға қолжетімді доменнен алынған ақпараттар ғана бар немесе ықпалды қолданушылардың өз тарапынан жарияланған" – делінген.

Фирма  hacking (бұзу) сияқты "әдепсіз құралдар" арқылы алынған мәліметтерді ешқашан сатып алмағанын айтты. Алайда Instagram тіркелушілерінің мәліметтерін жинау немесе рұқсатсыз тексеру әлеуметтік медиа сайттарының белгілемесін бұзуған болып есептеледі.