Weekend

XVI Еуразиялық Медиа форумның алғашқы күні сəтті өтті

Конференция барысында әлемдік және өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер талқыланып, шетелден келген білікті журналистер тәжірибелерімен бөлісті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

XVI Еуразиялық Медиа форумның алғашқы күні сəтті өтті.  Форумның биылғы қаузаған тақырыбы  – «Бүгінгі әлем: шындық трансформациясы?». Медиа форумының (ЕАМФ) басты миссиясы — Қазақстанның, Еуразияның және бүкіл халықаралық қоғамдастықтың геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуының негізгі проблемалары бойынша саясаткерлердің, журналистер мен сарапшылардың еркін және ашық диалогына жағдай жасау.

Конференция барысында әлемдік және өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер талқыланып,  шетелден келген білікті журналистер тәжірибелерімен бөлісті.

Форум шеңберінде медиа саласындағы кәсіби тақырыптар — сандық әлемдегі журналистиканың болашағы және блогосфера ықпалының өсу қарқыны сөз болды. Шараға Facebook, Instagram, CGTN және ТАСС өкілдері, əлемдік деңгейдегі журналистер, 19 елден шетелдік спикер, еліміздің мемлекет қайраткерлері мен айтулы сарапшылар қатысуда. Басқосуға АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Германия, Ресей, Грузия, Польша, Украина, Австрия, Қытай, Эстония, Словения, Сент-Винсент және Гренадин, Ливан, Андорра, Найроби, ОАР, БАӘ өкілдері келді.  

Тренингте əлемді алаңдатып отырған эколгиялық мәселенің журналистік тұрғыдан шешу жолдары, кино саласының қарқындылығы, Қазақстандағы сапалы кино түсіруге жетіспейтін кемшін тұстарға шолу, 360 градустық видеоларды түсіру жолдары мен көременге əсері сынды  тақырыптар талқыланды, жоғары атмосферадағы аудиториямен пікірталас та  өтті.

Барша жураналистер қауымын қызықтырған мәселе – тәуелсіз журналистика. Журналистің идея сатуы мен еңбегіне лайықты деңгейде қаражат табуы, саясат, қоғам, əлеуметтік, күрделі мəселелерге зерттеу жасауда ресми ақпараттың нақтылығы, жеке басқа төнген қауіптен қорғану жолдар сынды өте құнды ақпараттарға толы күн  болды. Форум əлі екі күнге жалғаспақ.

Құнды деректер мен таптырмас ақпараттар легі  əлі  алда. Жаңа медианың мүмкіндіктері сан  қырлы болғандықтан əлем журналистерінің өзара пікір алмасуы таптырмас мүмкіндіктің бірі болып саналады.