Саясат
Қаңтар айынан бастап Қазақстаннан шетелге 8 355 адам қоныс аударып, көшіп кеткен
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚаңтар айынан бастап Қазақстаннан шетелге 8 355 адам қоныс аударып, көшіп кеткен. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.
Қоныс аударғандардың 7 455-і ТМД елдеріне, 910-ы өзге шет мемлекеттерге көшкен. Этникалық топ бойынша ішкі миграцияның жағдай мынадай: орыстар – 71,9%, немістер – 6,6%, украиндер – 6,9%, қазақтар – 4,7%, татарлар – 2,2%, өзбектер – 0,5%, өзге этникалық топтар – 7,2%.
Ал Қазақстанға көшіп келгендер арасында қазақтардың үлес салмағы жоғары – 60,5 пайыз. Одан кейін орыстар 18,8, украиндер – 1,9, өзбектер – 2,1, татарлар – 1,1, немістер – 1,3, өзге ұлттар – 14,3. Осыған дейін Қазақстанға 3 176 адам көшіп келген, оның ішінде ТМД елдерінен 2 685, өзге шетелден 491 адам қоныс аударған.
Осылайша миграциялық сальдо минус 5 179 адамды құрады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61