Weekend

Сәбиді ажал аузынан құтқарып қалды: 2-сынып оқушысының ерлігі

Қандай ерлік жасады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Екінші сынып оқушысы Виктор Новоселовті ерлік жасағаны үшін мұғалімдер мен оқушылар алдында үлкен құрметке бөленді. Ол су қоймасына түсіп кеткен 4 жасар баланы құтқарып қалды. Оқушының ерлігі туралы қалалық білім беру бөлімі айтты. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды. 

Екінші сынып оқушысы Виктор Новоселовті №40 орта мектепте бәрі біледі. Өткен жексенбіде су қоймасына түсіп кеткен төрт жасар сәбиді құтқарыпты.

"Балалар үлкендерді көмекке шақыруға кеткенде, Виктор балаға жүгіріп барып, бар күшімен ұстап тұрған. Өзі алып шығуға шамасы жетпеген", - деп хабарлады Семейдің білім беру бөлімі.

Мектепте Виктор Новоселовке мақтау қағазын табыстап, балалардың алдында мақтады.

Айта кетсек, биыл ақпан айында ішкі істер министрлігі оныншы сынып оқушысы Нәдір Омарғазиевті марапаттаған еді. Оқушы елордада ашық құдыққа түсіп кеткен баланы құтқарған болатын.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61