Саясат

Алматыда құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тұратын қылмыстық топ ұсалды

Алматыда қылмыстық топ мүшелері сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен тұратын қылмыстық топ мүшелері сотталды. ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, оларға адам ұрлау, тонаумен айналысты, қару  мен жарылғыш заттар сақтады деген айыптар тағылды. 

«15 мамырда Алматы Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты «Алиев» ҰҚТ жетекшісі Қадыр Әлиевке және қылмыстық топқа қатысушылар Аңсар Дартаевқа, Дмитрий Терешин мен Ерсен Жұмабаевқа үкім шығарды», делінген хабарламада.

Сотталғандардың төртеуі де ҚР ҚК 125-бабының 2-б. 1, 8-тармақтарымен, 191-бабының 4-б. 2-тармағымен, 287-бабының 3-б  және 390-бабының 2-б  тармағымен (адам ұрлау, тонау, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын лауазымды адамның атағын өздігінен иемдену) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды. ҰҚТ жетекшісі мен оған қатысушылар Қ. Әлиев, А. Дартаев, Д. Терешин мен Е. Жұмабаев 7 жыл және 1 айға бас бостандығынан айырумен қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтеуге сотталды.

Еске сала кетсек, 2018 жылы 10 қазанда Алматыда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы облысының тұрғыны Қ. Әлиевтің жетекшілігіндегі аса қауіпті қарулы ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетін анықтап, жолын кесті.  Қылмыстық топтың негізін бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлері құраған, олар 2018 жылғы 13 қыркүйекте Жамбыл облысында Отар стансасында кәсіпкер Р. Агалюллинге қарулы шабуыл жасап, 107 мың доллар, 4 миллион рубль және 23 мың еуро иемденген. Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 8 тапанша пен қару, 140 оқ-дәрі, радиостансалар, жалған көлік нөмірлері, бетперделер, кісендер мен басқа да қарақшылық жасауға арналған құралдар табылып, алынды.