Weekend
Тілді көркейту жолдары
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБіз осы қазақ тілін қалай өркендетеміз? Қалай кең қолданысқа енгіземіз? Бұл туралы талай айтылды, талай жазылды. Айта-айта аузымыз да жауыр болды. Содан әйтеуір тіліміз тәуір болды деген ешкім жоқ.
Меніңше қазақ тілін жарнама, xабарландыруға кеңінен енгізу керек. Сонда тіліміз теректей болып өседі. Мәселен үй алғың келсе "Крышаны" қарайсың, көлік алғың келсе "Колесоның" бетін ақтарасың. Осы "Колесаны" қазақшалап көрейікші.
"Машина сатамын. Ниссан. Мотор көлемі 2. Шыққан жылы 2000ж. Жанармай. Шеттен жаңа келген. Люк, кондиционер. Новороченный дегенді қазақша: "бәрі бар, бәріменен оралған, ұшады, зытады, жүйіткиді. Бұзылса ТЖО-ға апарасың. Арзан. Алсаң сатпайсың. Өйткені мұндай көлік екінші таппайсың". Міне осылай жазсаңыз көлігіңіз "Колесаға" шыққан күні-ақ өтіп кетеді.
Ал енді үй алсаңыз "Крышаны" қарайсыз. Жете ме ақшаны санайсыз. "Крышаны" қазақша сөйлетейік.
"Үй. 100 мың доллар. Жеті ат шаптырым. 20 сотыx. 5 бөлмелі үй. Гаражы оймақтай. Моншасы ыстық. Екі бөлмелі жазғы ас үй, жаңадан соғылған жас үй. Жылуы газбен, ақщаңыз жетпесе аз-кем түсеміз. Нақты бағаны кеңесіп, пішеміз. Мектеп, балабақша жаныңда, сыраxана да жақын маңында, бұл үйді көрген де арманда, көрмеген де арманда, давай тез кел, ақшаң барда қалтаңда" – деп жазсаңыз үйіңіз екі-үш күнде-ақ саудаланып кетеді.
Қазақ тілінің көсегесін көгерту үшін осындай жарнама газеттері мен сайттарын жаулау керек немесе "Баспана", "Көлік" деген сайттарын ашу керек. "Жұп" немесе "Танысу" деген де қазақша сайттар мен газеттер тіленіп тұр. Ағайынның құлағына алтын сырға, қазақ тілі шықсыншы биік қырға!
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61