Саясат

Армения президенті Дариға Назарбаеваға не себепті алғыс білдірді?

Армен Саркисян Тұңғыш президенттің қызына алғыс айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Армения президенті Армен Саркисян Дариға Назарбаеваның өзімен бірге ұзақ жылдар бойы жұмыс істейтін команда жинай алатын таланты бар екенін айтты. Мемлекет басшысы Еуразия медиа форумына қатысып жатқанына қуанышты екенін білдіріп, Қазақстанның тұңғыш президентінің қызына алғыс айтты.

"2002 жылы форум алғаш рет ашылғанда, маған аз да болса өз үлесімді қосу бақыты бұйырды. Мен мұнымен мақтанамын. Мен бұл форумды журналистік ортаға ғана емес, Еуразия түсінігіне зор ықпалы бар институт деп атар едім", - деді Саркисян.

Президент Еуразия медиа форумы дегенде бірнеше концепция ойға оралатынын атап өтті. Оның алғашқысы "Еуразия" деген атауға ие. Бұл сөз, Саркисянның пікірінше, тек географияны ғана білдірмейді, осыдан мыңдаған жыл бұрын пайда болған өркениеттердің ұлы тарихын, Жібек жолын, Лев Гумилев философиясы мен Нұрсұлтан Назарбаевтың ММУ-де сөйлеген сөзін біріктіреді.

"Біздің түсінігіміздегі форум, бұл, ең алдымен, Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева, оның осы форумды өткізу үшін Қазақстан үкіметінен және де тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлынан алған қолдауы. Бірнеше жылдан кейін сіздермен қауышқаныма қуаныштымын. Өмірде өзгермейтін дүниелер бар екен. Бұл сізбен жұмыс істей бастаған және әлі қасыңызда жүрген адамдар. Бұл сіздің команда жинай алатын талантыңыз. Сізге алғыс айтқым келеді", - деді ол Дариға Назарбаеваға қарап.

Армения президенті арада 10, 20 жыл өткеннен кейін де Еуразия медиа форумына қатысқысы келетінін жеткізді.

Алматыда бейсенбі күні XVI Еуразия медиа форумының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға Армения президенті Армен Саркисян, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, продюсер, RizKhan Productions араб компаниясының басшысы Риз Хан және тағы басқалары қатысты.

sputniknews.kz