Weekend
Журналистиканы Қазақстанда оқытудағы негізгі жүйе қалай бағытталған?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com1934 жылдан бері журналистиканың қара шаңырағы ҚазҰУ-да қалыптасқан жүйе бойынша оқу бағдарламасы 4 жылға жоспарланған. Студент 1 курсында қазақ журналистикасы мен жалпы журналистикаға байланысты жалпы бағдарламамен танысады. 2 курс толығымен мамандыққа байланысты емес, бірақ гуманитарлық пәндерді оқуға арналады. Ал студент журналистикадағы өз бағытын 3 курста таңдап, 3-4 курс бойы алғашқы кезде мұғалімдерден алған теориялық білімдерін практика жүзінде қолданады. Франция мемлекетінде оқу бағдарламасы 4 жүйеден құралған. Бірінші, студентке журналистика бойынша жалпы мәлімет беру; екінші, журналистикадағы негізгі бағыттар мен тақырыптарды таныстыру; үшіншісі, телевизиялық білім болса; төртіншісі, студенттің санасында спорттық бағыт туралы ой қалыптастыруға бағытталады. Аталған екі мемлекеттегі білім беру жүйесіндегі ұқсастық, Қазақстандағы заманауи журналистиканың қалыптасып келе жатқанын дәлелдейді.
Қазақстандағы журналистика бағытындағы білім беру жүйесі бойынша студент жоғары оқу орынын аяқтағаннан кейін бір ғана мамандықтың иесі атанады. Баспа ісі және дизайн; ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс; Мерзімді баспасөз, электронды БАҚ және интернет-журналистика кафедраларында оқыған студенттер осы салалар бойынша ғана жұмыс атқара алады. Ал Испаниядағы Наварра университетінде студент «философия және журналистика» бойынша білім алып, жоғары оқу орынын аяқтағаннан кейін тек журналист болып емес, сонымен қатар аналитик болып та қызмет етуге мүмкіндік алады. Германиядағы Hochschule Magdeburg-Stendal университетінде абитуриент журналистика және медиа-менеджмент мамандығын аяқтап, журналист оның үстіне менеджер бола алады. Бұл жерден мемлекетіміздегі білім беру жүйесінде әлі де кемшіліктер бар екенін көруге болады.
Жалпы әлемдік жүйеде Қазақстаннан басқа да жоғары оқу орындарында журналистика бағытында 4 жыл білім берілетін болса, кейбір мемлекеттерде журналистиканы колледждік жүйеге енгізу қолға алынған. Бір қызығы, Германияда тіпті журналистика факультеті жоқ екен. Осы тұрғыда журналист мамандар қайдан шығады деген сұрақтың туындауы заңдылық. Бұл мемлекетте филология немесе редакторлық факультетін аяқтап, журналист болып қызмет етуге болады. Осы Германиядағы білім беру жүйесін естігеннен кейін бе, бір жылдары Қазақстанда да журналистиканы мамандық ретінде оқытудың қажеті жоқ деген пікірлер қоғамдық сананы жаулаған еді. Жалпы журналистиканы елімізде оқытқан дұрыс, сонымен қатар теориялық білім беруге қарағанда, бар назарды практикалық білім беруге арнағанымыз – журналистикаға қосқан үлкен үлес болмақ.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61