Weekend

Димаштың жеке альбомы қашан шығады?

Жағымды жаңалық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақты талантты әншісі Димаш Құдайберген алғашқы альбомы қашан шығатынын хабарлады.

"Туған күнімнің құрметіне алғашқы жеке альбомым шығатын күнді жариялаймын. 14.06.2019", - деп Димаш Instagram парақшасында жазды.

https://www.instagram.com/p/Bx0MA1Dgbr8/?utm_source=ig_embed

Альбомның атауы әзірге белгісіз.

Айта кетсек, бүгін танымал әншінің туған күні.


Димаш Құдайберген 1994 жылдың 24 мамырында Ақтөбеде дүниеге келген. Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы.


Димаш Нұр-Сұлтанда 29 маусымда өтетін жеке концертіне дайындалып жатыр. Бұған дейін ол "Арнау" шоуының проморолигін жариялаған болатын. Көптен күткен кеш "Астана Арена" стадионында Елорда күніне орай өтеді.