Саясат
Нұр-Сұлтан қаласында қала құрылысы кеңесінің жиналысы өтті.
Жиналысқа қатысушылар қаладағы тұрғындарға жайлылық орнату үшін инженерлік коммуникациялар, әлеуметттік инфорқұрылым нысандары мен көлік тұрақтары орындарына ерекше назар аударды.
Мәңгілік ел даңғылының бойында 206 пәтерден тұратын тұрғын үй кешені салынады деп жоспарлануда (тапсырыс беруші - «КазТайм» ЖШС), жалпы аумағы - 24,5 мың шаршы метрден тұрады.
Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голль көшелерінің қиылысқан жерінде 920 пәтерлік («Atlant Building KZ» ЖШС) тұрғын үй құрылысы жүргізу қолға алынады. Оның жалпы аумағы - 83 мың шаршы метрден құралады.
А. Байтұрсынұлы, К.Әзірбаев және 23-16 көшелерінің қиылысында («Astana real estate 2017» ЖШС) 1 934 пәтері бар ТҮК бой түземек, бұл үйдің жалпы аумағы - 237 мың шаршы метр.
Ж.Нәжімеденов, К.Әзірбаев және 23-16 көшелерінің қиылысы аймағында («Казстройинжиниринг НТ» ЖШС) 2 100 пәтер тұрғызылады. Жалпы аумағы - 106 мың шаршы метрден асады.
А.Байтұрсынұлы, Ж.Нәжімеденов, К.Әзірбаев және №23-8 көшелерінің қиылысында («Аллея Тысячелетия» ЖШС) 6 939 пәтерлік тұрғын үй кешені бой көтеріліп, оның аумағы 678 мың шаршы метр болады деп жоспарланды.
Аталған жобалар қала құрылысы кеңесі мүшелерінің айтқан ескертулеріне сәйкес жасалып, қала тұрғындарына ұсынылады.