Саясат

Қазақстанда күзет қызметкерлері мен полиция өкілдері бірлесіп жұмыс істемейді

Жергілікті нысандардың қауіпсіздігін бақылауда күзет және полиция мамандары әлі күнге дейін бірлесіп жұмыс атқара алмай келеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев еліміздегі күзет қызметкерлері мен полиция өкілдерінің біріккен жұмысының әлі де шикілеу екенін және оны жетілдіру қажет екенін айтты. Бұл туралы inform.kz хабарлайды.

Министрдің айтуына қарағанда, елдегі 100 мың адам жұмыс істейтін күзет ұйымдарының қоғамдағы тыныштықты қадағалауда маңызы мен әлеуеті зор. Ал бізге сол әлеуетті тиімді пайдалану қажеттілігі ғана туындап отыр.

«Қалай десек те күзет ұйымдары мен полиция өкілдері екі бөлек әрекет етіп жүрміз. Тек қылмыс пен тосын жағдайлар кезінде ғана бірлесіп жұмыс істейміз. Елдегі қылмыстың 60 пайызы ұрлықпен қатысты. Әр бесінші ұрлық пәтерде тіркеледі. Бұған  күзет қызметі мен полиция қызметкерлері бірлесіп, нақты тосқауыл қоюы қажет. Ол тосқауыл қағаздар мен есептер жүзінде емес, нақты іс жүзінде жасалуы керек», - деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

Ішкі істер министрі «Смарт-қала» жобасының негізінде көптеген нысандардың қауіпсіздігін заманға сай технологиялармен күзету жұмыстарының пайдалы болып жатқанын айтып өтті.
«Сергек» бақылау жүйесі Нұр-Сұлтан қаласының жолдарындағы тәртіп бұзушылықтың 60 пайызын анықтады. Қазақстан бойынша 2000-нан астам күзет ұйымы сигнализация жүйесін орнатумен айналысады. Ондай жүйенің тиімді екенін уақыт көрсетіп отыр. Нысан иелері үшін бұл әлдеқайда арзанға түседі. «Смарт-қала» жобасы бұл сигнал құралдарын ұялы телефонға жалғауға мүмкіндік береді. Осындай жолмен жеке пәтерлерді де күзетуге болады», - деді Ерлан Тұрғымбаев.  

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61