Саясат

41 миллион: Ринат Кертаев дебатқа бөлініп жатқан қаржының көп емес екенін айтты

Үміткерлер арасында өтетін теледебат заманауи технологиялық құралдармен өтеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президенттікке үміткерлердің арасында өтетін теледебатқа 41 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы «Хабар» агенттігі АҚ басқармасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев мәлімдеді.

Ол теледебатқа бөлінген қаржының өндірістік шығынға ғана емес, телеөнімнің таралымына да тікелей әсер ететін айтты.

«Телевизиялық өнімді ұсыну, әсіресе дебат сияқты қиын форматта өнім шығару кез келген телеарна үшін қаржылық қиындық тудырады. Сол себептен де бұл дебаттың өтуіне арнайы ауқымды декорация жасауды жоспарлап отырмыз. Көрермендерге қызықты әрі сапалы контентті беру үшін заманауи технологиялық құралдарды қолданғымыз келеді. Басқа мемлекеттерде дебаттың телевизиялық шоу форматында өтетіні бәрімізге белгілі. Дебатта қатысушылардың не айтатыны ғана емес, сонымен қатар артындағы картина да маңызды рөл атқарады», деді Ринат Кертаев.

«Біз телевизияның әртүрлі саласындағы жақсы мамандарды қызықтырғымыз келеді. Басқа мемлекеттердегі теледебат өткізуге кеткен шығынға қарағанда, біздің президентікке үміткерлердің арасында өтетін дебатқа бөлініп жатқан қаржы мөлшері көп емес деп айта аламын», деп Ринат Кертаев сөзін жалғастырды.

Бұл теледебат 29-мамырда өтеді.