Саясат
Өмір Шыныбекұлының баптары
Педагог мәртебесін айқындайтын заңға енуі тиіс баптар:
1. Білім басқармаларын жергілікті әкімшіліктен ҚР Білім және ғылым Министрлігінің құзіретіне өткізу керек (Мектеп мұғалімдерін өз міндетіне жатпайтын жұмыстардан осы қадам ғана құтқара алады. Заң бабына қосымша ретінде, "Мұғалімді міндетіне жатпайтын жұмысқа жеккен шенеунік адамды құлдықта ұстаған қылмыскермен" теңестіріліп, қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс" деп көрсету керек).
2. Мектеп мұғалімінің орташа жалақысы Парламент Мәжілісінің депутаты мен министрдің жалақысының кем дегенде 70 %-на тең болуы тиіс. (Жалақының жоғары болуы мамандыққа деген бәсекені күшейтеді. Бәсеке болған жерде сапа болады)
3. Ер мұғалімдерді 55 жастан, әйел мұғалімдерді 50 жастан зейнетке шығару керек.
4. Мұғалім қауіпті мамандық болып қалды. Сондықтан, мұғалімге қол жұмсаған адамға құқық қорғау органы қызметкеріне қол көтерген адамға тағайындалатындай жаза қолданылуы тиіс.
Өмір Шыныбекұлы,
«Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері»
Дереккөз: Ұлт ақпарат