Саясат
Ол Британияны Еуропалық Одақтан шығарамын деп еді, ақырында өзі кетті
Ұлыбритания тарихындағы екінші әйел премьер-министр Тереза Мэй қызметінен кететін болды.
Өзінің 7 мамырда кететінін мәлімдей тұрып Тереза Мэй көзінің жасын тоқтата алмады: "Мен барынша абыроймен жұмыс істеген орнымнан жақында кетемін. Екінші әйел премьер болдым. Нақты, соңғы емес. Мен бұл қадамға еш жаман пиғылсыз, өзім сүйетін еліме қызмет етуге мүмкіндік үшін үлкен және шексіз алғыспен кетіп барамын", – деді ол.
Тереза Мэй 2016 жылдан бері Ұлыбритания премьер-министрі лауазымында жұмыс істейді. Ол премьер-министр лауазымынан ғана емес, консерваторлық партия төрағалығынан да кетеді.