Денсаулық

Ғалымдар: ең мықты антибиотик біздің ішімізде жатыр

Ғалымдар денсаулық саласында жаңалық ашты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Химиялық жолмен жасалатын түрлі дәрі-дәрмектердің, антибиотиктердің арқасында адам өмірін ажалдан алып қалудың сәті туды. Дегенмен ғалымдар тағы бір жаңалық ашып отыр.


New Atlas баслымы хабарлағандай, Неаполитан университеті мен MIT ғалымдары біріге отырып, адам ағзасына үлкен зерттеу жұмысын жасаған. Жұмыс нәтижесі бойынша адам ағзасында антибиотик жасауға болатын, химиялық жолмен өндірілетін дәріден де мықты жасушаға көздері түскен.


Жасушаның адамға тигізер пайдасы өте зор. Бір сөзбен айтқан кезде адамның ағзасындағы табиғи антибиотикті дамыту арқылы қатерлі ісіктердің де алдын алуға болады.


Пепсин ферменті Salmonella, E.coli және Pseudomonas бактерияларына қарсы күресте күш таныта біліп, ғалымдардың жаңалық ашуына себеп болып отыр. Алдағы уақытта аталған ферментті жетілдіру және дамыту жұмыстары жасалады.