Hi-Tech

Iphone смартфонынан да қымбат телефон жарыққа шықты

2,5 мың доллардан басталады

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Apple компаниясының басты қарсыласы – Samsung. Екеуінің шығаратын өнімдерінің сапасы көңілден шығады. Тек бағасы жағынан Apple алдыға озып кетті. Бұл олқылықтың алдын алуға көшкен Samsung құрықты алысқа лақтырған секілді.

Samsung өзінің ашылып-жабылатын дәстүрлі смартфонын қайта өндіріске алып келді. Бұл жол бәрі басқаша. Қытайда өткен таныстырылым кезінде компания W2019 өнімін жұрт назарына ұсынды.

Процессоры Snapdragon 845  флагманымен жабдықталған гаджет екі камера және екі экраннан тұрады. Экран диагональдары – 4,2 дюйм. Қос экран сыртқы және ішкі жағынан Full HD 1920x1080 пикселдегі  S-AMOLED дисплейімен құрастырылған.

Аталған смартфонның бағасы 2,5-4 мың АҚШ доллары арасында сатылады.