Weekend

Қызылордада грант иеленгендер қатары көп

Сәт сапар, жас түлек!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

25 мамыр барлық аймақтарда түлектер алтын ұя мектептерімен қоштасты. Асқақ арман жетегіне ерген түлектердің мерейлі кеші Қызылордада да ерекше әспеттелді. Құшағы гүлге оранған ұстаздар, көңілі толқыған ата-аналар, шаттыққа кенелген оқушылар соңғы қоңырауды соқты.

Жалпы Қызылорда өңірінде 261 мектептен 5754 оқушы білім ұясын аяқтайды. Оның ішінде 412 оқушы «Алтын белгіге», 270 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер ретінде танылып отыр.

Қызылорда қаласындағы 54 мектепте соңғы қоңырау үні соғылды. Биыл қалада 1725 түлек мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басты. Оның 120-сы «Алтын белгіге», 101-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Талапты түлектердің 92-сі халықаралық және республикалық жоғары оқу орындарының өткізген олимпиадалар қорытындысы негізінде грант иегері атанды.

Жылдағы дәстүрге сай түлектердің салтанатты шарасына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, оқушыларды қуаныштарына ортақтасты.

Жалпы Қызылордада бюджеттің 40 пайызға жуығы білімге бағытталған. Бұл өз кезегінде жастардың шетелдік гранттарды, республикалық конкурстардың жеңімпазы болуға ниетті екенін дәлелдеп отыр.

Әрбір мектеп аясында өткен салтанатты жиында түлектер жүрекжарды тілектерін жеткізіп, әсем әндері мен шыр көбелек айналып вальс биледі.

Айта кету керек, Қызылордада соңғы жылдары Ресей грантымен оқып жатқан жастардың қатары артып келеді.  Биыл 117 студент «МБжҚИ» ұлттық зерттеу технологиялық университетін 53 түлек, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетін 41 түлек, Технология және энергетика жоғары мектебін 23 түлек тәмамдайды деп күтілуде. Олар «Нанотехнология және микросистемалық техника», «Металлургия», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», «Электр энергетикасы және электротехника», «Агроинженерия» сынды 22 мамандық бойынша оқуын бітіреді.