Weekend

2 градус аяз: 27 мамыр ауа райы қандай болады?

Ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астанада екінші күн ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. 

"27 мамырда Нұр-Сұлтанда 2 градусқа дейін аяз болады", - деп хабарлады Астана қалалық ТЖ департаменті өкілдері.  Еске салсақ, синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері солтүстік және шығыс өңірлерде үсік жүреді.

"Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа плюс 28…33 градусқа көтерілетін болса, солтүстік және шығыс облыстарда түнде 3 градусқа дейін үсік сақталады. Бұл Қазақстанның солтүстік аймағына Ресейдің еуропалық территориясының солтүстігінен және Оралдан ылғал және суық ауа массаларының келуімен байланысты, ал оңтүстік аймақтарға Орталық Азиядан жылы ауа массалары келеді", - деді "Қазгидромет" мамандары.