Спорт
Бұл жолы елордалық командаға "Оқжетпес" тосқауыл болды
Қазақстан премьер-лигасының 12 турында ел чемпионы "Астана" көкшетаулық "Оқжетпеспен" тең түсті.
Ойынның 44 минутында Роман Муртазаев гол соғып, "Астана" ойыншылары үзіліске жақсы көңіл-күймен шықты. Екінші тайм да елордалық команда ойыншыларының басымдығымен өтті. Алайда 92 минутта, "Оқжетпес" ойыншысы Милан Стоянович есепті теңестіріп, "Астана" екі ұпайдан айырылып қалды. Қорытынды есеп 1:1.
Айта кетейік, әзірге Астана қоржынындағы 29 ұпаймен көш бастап келеді.