Саясат
Қазақстанның жағдайы
Біріккен Араб Эмираты:
Арабтар 1980 жылға дейін құм даланың көшпенді бедуйндері болды. Оларда «Мұнай Дәуірі» 1980 жылдан басталады. Араб Эмираты мұнай өндіруден 7 орында тұр. Мемлекет жылына 68-70млн тонна мұнай өндіреді. Соның ішінде Дубайдың үлесі 10 млн.тонна.
Ал, еліміздегі Атырау 40-41 млн тонна мұнай өндіреді, яғни Дубайдан 4 есе көп. Маңғыстау 18,4-20 млн тонна, яғни Дубайдан 2 есе көп, ал Қызылорда 8-8.5 млн тонна, Дубайдан сәл аз мұнай өндіреді. Елімізде 5 мұнай өндіруші облыс бар.
Тек Атырау мен Маңғыстаудың өзі ғана жалпы Араб Эмиратының өндіретін мұнайын шығарып тұр. Яғни жылына 68 млн.тонна.
Егер тек мұнайдың табысы Еліміздің Бюджетіне түссе халық салықтардан босатылады, айлықтар өседі, көптеген өндіріс орындары ашылады, сырттан қарыз алу тоқтатылады, болашақ ұрпаққа «Алтын қор» жиналады. Осы әдісті Араб Эмираты, Сауд Арабиясы, Норвегия және т.б. мұнай өндіруші елдер қолданып отыр.
Араб Эмиратында біздегідей көмір, уран, темір, мыс, аллюмин және т.б. Менделеев таблицасындағы металдар кездеспейді. Жері құмды, бидай, көкөніс кейбір мал шаруашылығына жарамсыз. Және бастысы «Тұщы су» өте аз.
Бірақ мемлекет тек мұнай газ есебімен ғана 20 жыл ішінде көтерілді.
Нұржан Баймаханбеттің facebook парақшасынан