Спорт

Бес айлық баласын жолда тастап кеткен UFC спортшысына іздеу жарияланды

Сонымен қоса әйелін де соққыға жыққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

UFC-дің бразилиялық қатысушысы Алекс Оливейро бұрынғы әйелін ұрып соққаны үшін және баласына қатігездік танытқаны үшін іздестірілуде.

"Сенбі күні Оливейра бұрынғы әйеліне келіп, баласын көргісі келеді. Ол бес айлық баласын мотоциклмен қыдыртпақшы болады, алайда әйелі оған түбегейлік қарсылық танытады. Сол кезде Оливейра оның шашынан сүйреп, әйелді соққыға жыққан. Кейін терезені бұзып, есікті сындырған.

Баланы алып, мотоциклді от алдырған. Бірнеше шақырым жүргеннен кейін, бес айлық ұлын жолда тастап кеткен. Қазір оны полиция іздеп жатыр. Оның қайда екені белгісіз", – деп хабарлайды Globo басылымы.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61