Саясат

Трампқа Жапония императоры алғашқы шетелдік лидер атағын берді

Дональд Трамп алғашқы шетелдік лидер атанды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп 27-мамыр күні алғашқы шетелдік лидер атанды. Президентке бұл атақты Жапонияның императоры Нарухито Токиодағы өз сарайында берді.

Америкалық басшыны сарай алдына қызыл кілем жайып күтіп алды. Сонымен қатар жапондық сап түзеген сарбаздар да қонаққа құрметін көрсетті. Мерекелік шарада екі елдің мемлекеттік әнұраны шырқалды. Мектеп оқушыларынан құралған топ Трампты Американың және Жапонияның туларымен, сонымен қатар оркестрдің сүйемелдеуімен қарсы алды. Кейін Жапонияның императоры мен патшайымы Масако, Трамп және оның жұбайы Мелания сарайға кірмес бұрын үкімет өкілдерімен амандасып, құрметін көрсетті.

Кешке американдық делегацияға императордың арнайы банкеті болады деп күтілуде.

Нарухито – шетелде білім алған алғашқы жапондық монарх. Ол Оксфордта, ал оның жұбайы Масако Гарвардта білім алған.

Император Нарухито 1-мамырда хризантемалық таққа отырды. Сол күннен бастап Жапонияда Рэйв деген атпен жаңа эра басталды.