Weekend
Еліміз туристер үшін қауіпті мемлекеттер тізіміне кірді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЗерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан жол апаты жиі орын алатын мемлекеттер санатына енген. Тізімнен Африка, Иран, Доминикана, Таиланд және Вьетнамды да кездестіруге болады. Шекара асып, саяхаттаймын десеңіз, арнайы интерактивті картаға зер салыңыз. Әлемдік сарапшылар денсаулық, қауіпсіздік, жолдағы ахуалды бағамдай келе, туристерге арналған нұсқаулық әзірледі.
Нәтижесінде саяхатқа қолайлы мемлекет ретінде Норвегия, Финляндия, Исландия таңдалыпты. Алайда, Ливия, Ауғанстан, Сомали, Сирияға әбден ойланып барғаныңыз жөн. Бұған елдегі күрделі жағдайлар себеп. Картаға енген Африка аумағы, Венесуэла, Гаити, Ирак және Солтүстік Кореяда ауру-сырқау өршіп тұр. Жалпы қауіпсіздік мәселесі Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс және Океанияда өзекті. Тағы да зерттеу нәтижесіне сүйенсек, туристердің 60 проценті шығынды ақылға салады. Бірақ жартысынан көбі сапар барысында жоспардан ауытқып, көп қаржы жұмсап жатады екен. Соңғы тенденция саяхатшылардың жатар орны мен азық-түлікке аз шығындалып, ойын-сауық, көңіл көтеруге барын сала бастағанын көрсеткен.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61