Саясат

Жириновский: Алматыны «Верный» деп өзгертіп, генерал-губернатор тағайындаймыз

Ресей саясаткері әлемді бөлу басталғанын айтуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Владимир Жириновский «Вечер с Владимиром Соловьевым» бағдарламасына қатысып, өзінің алдағы 10 жылда болатын саяси өзгерістерге қатысты болжамын айтты.

«Зеленский жеңді. Бұл украин халқының таңдауы. Алдағы он жылда үлкен өзгерістер болады. Украина құлайды. Одан кейін Израиль Иранға соққы беремін деп шешім қабылдап отыр, демек соққы береді. АҚШ кемелері Иранның жанында тұр. Иран құлағаннан кейін миллиондаған босқындар солтүстікке ағылады. Сол сәтте біз шекараны жауып тастаймыз. Шекара маңында нағыз қанды қырғын басталады. Әзірбайжан, Грузия мен Армения тас-талқан болады. Ал Сирияда тірі қалған содырлар бүгінгі күннің өзінде Ауғанстаның солтүстігінде Орталық Азияға басып кіруге дайын отыр. 

Күн сайын тәжік шекарашылары өліп жатыр. Түбі ол содырлар Орталық Азияға басып кіреді. Тағы да босқындар пайда болады. Олар қайда барады? Ресейге. Бірақ біз тағы да шекараны жауып тастаймыз», – деді ол. 

Әлемдегі күрделі жағдайды шешу үшін АҚШ пен Ресей келісімге келсе жетіп жатыр дейді ол. Ресей өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін КСРО-ны қалпына келтіруі тиіс дейді Жириновский.

«Ортаазиялық федералды округ - менің туған қалам Алматы. Оны Верный етіп өзгертіп, генерал-губернаторды отырғызамыз. 10 жылдың ішінде тәртіп орнатамыз», – деді ол. Ол өз сөзін өзгелерге үрей тудыратын негізде аяқтады. Жириновскийдің ойынша қазір Ресей мен АҚШ әлемді бөліп алу үшін құпия келісім жасап жатыр екен.