Саясат
Нұр-Сұлтанда Еуразиялық Экономикалық Одақтың кезекті мәжілісі өтеді.
Бұл отырысқа Қазақстанның бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусияның Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстанның Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресейдің Президенті Владимир Путин, сонымен қатар Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян қатысады.
Молдованың Президенті Игорь Додон ЕЭО-ның бақылаушысы ретінде, ал Тәжікістанның Президенті Эмомали Рахмон құрметті қонақ ретінде қатысады деп күтілуде.
Мәжілісте мемлекет басшылары ЕЭО-ның дамуына байланысты маңызды сұрақтарды талқылайды. Соның ішінде ЕЭО-ның 2019-2020 жылдардағы макроэкономикалық саясаттағы бағдарын талдайды.
Сонымен қатар мәжіліс соңында ЕЭО-ның жаңа басшысын тағайдау болады деп жоспарлануда.
Ресейдегі БАҚ-тың жариялағаны бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық Экономикалық Одақтың басшысы болуы мүмкін. Оның анығы 29-мамыр күнгі мемлекет басшыларының мәжілісінде белгілі болады.