Weekend

Қазақтың Құрманғазы оркестрі Ресей мен Қытай еліне барып қайтты

Құрманғазы оркестрінің гастрольдік сапары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биылғы жылдың мамыр айында ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен және 85 жылдық мерейтой аясында, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі Ресей Федерациясы: Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларына, Қытай Халық Республикасы: Пекин қаласына және Батыс Қазақстан облысына гастрольдік сапармен барып қайтты.

Гастрольдік концерттер ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақ мәдениеті» бағдарламасын жүзеге асыру және елдердің ынтымақтастығы мен достық қарым-қатынасын нығайту мақсатында өтті.


«Ұлы даланың әуендері» деп аталған гастрольдік концерттің алғашқысы Ақтөбе қаласынан бастау алды. Содан кейін, Ресей елі- Мәскеу қаласында, 3 мамыр күні,  «Геликон-Опера» сахнасында жалғасын тапса, келесі концерт 5 мамыр күні Санкт-Петербург қаласы, Михайловский театрда өтті. Сонымен қатар, оркестр 6 мамыр күні Санкт- Петербург қаласында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішінің ашылу салтанатында өнер көрсетті.


Ресейден кейін Оркестр Батыс Қазақстан облысының аудандарында гастрольдік концерттерін жалғастырды.

Сонымен қатар, 16-22 мамыр аралығында, Құрманғазы оркестрі Қытай Халық Республикасы, Пекин қаласында өткен «Азия өркениеттерінің диалогы конференциясында» (Conference on Dialogue of Asian Civilizations) өнер көрсетіп қайтты.