Саясат
Саджид Джавидтің шыққан тегі пәкістандық
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҰлыбритания Ішкі істер министрлігінің басшысы Саджид Джавид Консерваторлық партия басшысының лауазымы үшін күресуге шешім қабылдады. Саджид Джавид бұл туралы өзінің Twitter парақшасында жариялады.
Консерваторлық партия басшысы болған адам қазіргі премьер-министр Тереза Мэй кеткеннен кейін үкіметті басқаратын болады.
"Мен өз кандидатурамды Консерваторлық партияның келесі басшысы ретінде және біздің ұлы еліміздің премьер-министрі лауазымына ұсынамын. Біріккен Корольдікте өмір сүріп жатқан адамдарды біріктіріп, олардың бір-біріне деген сенімдерін қалпына келтіріп, олар үшін жаңа мүмкіндіктер туғызу керек. Бірақ, біздің ең алғашқы және басты міндетіміз Брекситті жүзеге асыру болып табылады", - деп айтты министр өзінің видеоүндеуінде.
Британдық БАҚ өкілдері Саджид Давидтің 5 жылдық мемлекеттік қызметте болған тәжірбиесін ескеріп, оның Консерваторлық партияны біріктіруге күші жетеді деп ойлайды. Джавидтің басымдығы, оның шыққан тегі болмақ. Ол қарапайым пәкістандық иммигранттардың отбасынан шыққан жеке мектепті емес, мемлекеттік мектепті және қарапайым жоғарғы оқу орнын бітірген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61