Саясат

Сайлау-2019: Әлеуметтік желі арқылы үгіт-насихат жүргізуге тиым салынбайды

Әлеуметтік желілер арқылы сайлауға үгіттеу заңмен шектелмейді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Заңгерлер  - әділ сайлау үшін» атты республикалық қоғамдық бірлестік өкілдері әлеуметтік желілерде үгіт-насихат жүргізудің қаншалықты заңды болатынын айтты. Бұл туралы inform.kz хабарлайды.

Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы  сайлауға үгіттеудің заңмен шектелмейтінін тілге тиек етті.

«Әлеуметтік желілер, мессенджерлер - қазіргі өмірдің ажырамас бөлігі. Сондықтан бұл құралдар арқылы үгіттеуге тыйым салынбайды. Дегенмен, ондай ақпараттарды тарату кезінде жалпыға ортақ әдептілік нормаларын сақтаған жөн. Сондай-ақ, азаматтардың осы мәндегі ақпараттарды ары қарай алудан бас тарту құқығы сақталғаны маңызды» - деді Серік Ақылбай.

Заңгер әлеуметтік желі арқылы үгіт материалдарын тарату өзге бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ережеге бағынатынын да ескертті.