Саясат

Кандидаттар сайлаушыларға сыйлық ұсына алмайды

Президенттікке үміткерлердің сайлаушыларға тегін қызмет түрін көрсетуі мен сыйлық ұсынуларына тиым салынады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Заңгерлер  - әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Сергей Ударцев сайлау штабтарының қайырымдылық шараларын өткізуі қаншалықты заңды екенін мәлімдеді. Бұл туралы inform.kz хабарлайды.

Оның айтуына қарағанда, сайлау туралы заңнамада көрсетілгендей президенттікке үміткерлердің дауыс берушілерге тегін немесе арзан бағамен тауар, қызмет түрі мен бағалы қағаздар беруіне тиым салынады.

«Кандидат пен оның сайлау штабына науқан кезінде лоторея ойыны мен қайырымдылық акцияларын өткізуге, ақша төлеуге және өзге де материалдық мәндегі уәде беруге тыйым салынады. Бұл тізімге  сайлауға арнайы дайындалған ақпараттық баспа материалдар, иллюстрациялық парақтар, жалаушалар кірмейді», - дейді бірлестік өкілі.

Сергей Ударцев осы аталған талаптың кандидатқа қатысы жоқ үшінші тұлғаларға да қолданылатынын ескертті. Аталған талаптар бұзылған жағдайда оның бұзылуына жол берген азаматтар Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 118-бабы бойынша жауапқа тартылады.