Weekend
Сәресі - ораза ұстау кезінде түннің үшінші бөлігінде ішетін тамақ
Сәресі тамағының ерекшелігі туралы көптеген хадистер бар. Ораза ұстаған мұсылмандар үшін сәресінің мәні зор.
Амр бин Ас (р.а.) Пайғамбарымыздың: «Біз ораза мен кітап иелерінің оразасының айырмашылығы – сәресі ішуде», – дегенін жеткізген.
Әнас бин Малик (р.а.): «Сәресі ішіңдер, өйткені сәресіде береке бар», – деген хадисті риуаят еткен.
Сондай-ақ, пайғамбарымыз (с.а.с.) құрма мен сүтті адам үшін ең жақсы тағам деп санаған. Сол себепті де сәресі мен ауызашар дәмінде осы тағамдардың да болғаны абзал.