Саясат

«Назарбаев орденіне» кімдер ие болады?

Тұңғыш Президент ордені

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Владимир Путин, Александр Лукашенко, Сооронбай Жээнбековтар "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен наградталады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. 

"Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюдың 5 жылдығына орай, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге қосқан айрықша үлесі үшін "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен наградталсын: Путин Владимир Владимирович - Ресей Федерациясының президенті Лукашенко Александр Григорьевич - Беларусь Республикасының президенті Жээнбеков Сооронбай Шарипович - Қырғыз Республикасының президенті", - делінген Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлығында. 

Тұңғыш Президент орденімен елдің қалыптасуына, өркендеуіне және даңқына ықпал ететін мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін шет мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары марапатталады.

29 мамырда Нұр-Сұлтанда Тоқаевтың төрағалық етуімен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Оған Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей президенті Владимир Путин, сондай-ақ Армения премьер-министрі Николай Пашинян қатысады. Сонымен қатар, Молдова президенті Игорь Додонның ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекет басшысы, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның құрметті қонақ ретінде қатысуы күтіледі.  Бұған дейін ресейлік БАҚ өкілдері Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО құрметті төрағасы қызметін атқара алады деп хабарлады.