Weekend

Онлайн курс: Ағылшын тілін қалай үйренген қолжетімді?

Ағылшын тілін онлайн үйрету

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адамға қолжетімді болғаны үшін бүгінгі күнде онлайн білім берудің маңызы зор. Білім алушылардың сұранысына байланысты онлайн курстардың сандары да күн өткен сайын өсуде. Онлайн білім беру туралы Мадина Саурановамен болған сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.  

Жалпы курс туралы мәлімет берсеңіз. Онлайн оқыту идеясы қалай келді? 

Ағылшын тілін онлайн сабақтар арқылы үйрету казіргі таңда көбейіп келеді. Нарықта ағылшын тілін оқыту жоғарғы оқу орындарының бағдарламасында ғана емес, сонымен қатар онлайн жүйеде де қарастырылған. Біз білім алушының сұранысына сәйкес оқу бағдарламасын дайындап, оларды халықаралық тәжірибесі мол мұғалімдермен ғаламторда скайп желісі арқылы жүздестіреміз. 

Бұл идея сұранысқа байланысты пайда болды. Біз 2009 жылдан бастап ағылшын тілін үйрету мен дамыту туралы түрлі жобалар жасап жүрдік. Соның бірі балалар лагері болды. Ол жерге «Американ Корп» волонтерлік мекемесінен ағылшын тілді мұғалімдерді шақырдық. Сол кезде тілді жетік білу мен жаттықтырудың сол тілде сөйлейтін мұғалімдермен жұмыс жасау арқылы жылдам әрі сапалы дамитынын байқадық. Содан 2012 жылы өзіміздің оқыту курсымызды ашқанда шетелдік мұғалімдермен бірлесіп жұмыс жасауды қолға алдық. Дегенмен бұл жағдай коммерциялық тұрғыдан бізге оңайға түспеді. Олардың жалақысы мен тұратын жері, басқа да құжаттарды рәсімдеу барысында біршама қиындықтар болды. Бірақ шетелдік мұғалімдерге білім алушылар тарапынан сұраныс болды. Әсіресе халықаралық компанияларда жұмыс жасайтын мамандар шетелдік мұғалімдерден білім алуды қалады. Алғашында АҚШ-тағы, Польшадағы құрбы құрдастарыммен байланысып, мұғалім іздей бастадым. Содан жолым болып 2014 жылы Сербиялық мұғаліммен жұмыс жасауды бастадық. Казіргі таңда курста АҚШ және Англия азаматтарымен қоса алғанда, Қазақстанның жан жағынан жиналған жергілікті мұғалімдер де бар. Сабақты Скайп арқылы жүргізуге болатынын алғаш рет КИМЕП-тің қабырғасында жүргенде білдім. Оның қолдануға қолайлы екеніне Оман елінде жұмыс жасап жүргенімде көз жеткіздім. Содан кейін ғана осы жолды дұрыс деп таптық.

Оқу бағдарламасында қандай бағыттар қарастырылған? Курсқа қатысушыларға не үйретесіздер?

Оқу бағдарламасы тілді үйрену және бизнесте, яғни жұмыс орнында тілді қолдануды үйрету бағыттары бойынша жүргізіледі. Түрлі индустрияға немесе студенттің қажеттілігіне сәйкес біздегі білікті мамандар түрлі видео материалдар, презентациялар және интерактивті ойындардың көмегімен білім алушыға жағдай жасайды.

Бізде курсқа қатысушылардың барлығы жүйелік бағалаудан өтеді. Ол жерде қатысушының сауатты сөйлесе білу, тыңдай және түсіне алу, презентация жасау, сөздік қорын байыту, сонымен қатар сауатты жаза алу қабілеттері бағаланады. Біз бүкіл курс бойы қатысушыдағы осы қабілеттерді дамытуға көмектесеміз.

Сіздің онлайн курсыңыздың басқа курстардан қандай ерекшелігі бар?

Біздегі онлайн курстар 100% жанды жүргізіледі. Яғни мұғалім 4 ай бойы(немесе курс бойы) білім алушымен жеке жұмыс жасайды. Басқа онлайн курстарында мұғалім порталға мағлұмат енгізеді. Ал студент өз бетімен жұмыс жасайды. Олардың жүйесінде мұғалімдер анда санда ғана қосылады. Біздің жүйелік бағалау әдісі оқушының қабілеттерінің дамуын көрсетеді. Сол арқылы мұғалім қатысушыға курстан сәтті өту үшін бағыт-бағдар береді. Сабақ оқу методологиясы креативті әрі интерактивті түрде жасалған. Бізде тілді үйрету жеңіл жолдармен меңгеруге бағытталған. Сабақ ұзақтығы әдеттегі курстардан (45 мин.) 30%-ға ұзағырақ. Сабақ шұғыл себептерге байланысты болмай қалса, ол сабақтарды қайта өткізу жағдайы қарастырылған. Сонымен қатар сенбі, жексенбі күндері де сабақ оқуға болады. Ең маңыздысы бізде әр студенттің сұранысына сай оқу әдісін бейімдеу қолға алынған. Сабақ таңғы 8 бен кешкі 10-ның аралығындағы қатысушыға ыңғайлы уақытта өткізіледі.  Басқа курстар кешкі 8-де жабылса, біздің курста жұмыс уақыты 10-ға дейін ұзарады.

Онлайн оқудың пайдасы мен зиянды жақтарына тоқтала кетсеңіз.

Онлайн оқудың артықшылықтары көп. Біріншіден, қолжетімділік. Себебі онлайн курста кітап, жол ақысы және басқа да дүниелер үшін студент шығындалмайды.

Екіншіден, онлайн курс уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, кез келген жерде сабаққа қосылуға болады. Бар болғаны интернетіңіз жасап тұруы керек. Төртіншіден, оқу бағдарламасы түрлі презентация, видео материалдар және ойын сауықтық жүйеге негізделеді.

Ал онлайн оқудың артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де жоқ емес. Мысалы, оқушының онлайн оқуы барысында басқа студенттермен қарым қатынас жасауы азаяды. Сонымен қатар электрондық материалдармен немесе компьютермен жұмыс жасай алмайтын адамдарға онлайн оқу алғашқыда қиындау болады. Кейбір студенттер сабақ уақытында басқа интернет желісіндегі ақпараттарға көңілін бөлуі мүмкін.

Адамдарға онлайн білім берудегі мақсатыңыз қандай?

Өзімнің әйел болғаныма қарамастан, курстан да бөлек білімімді жетілдіруді өмірлік мақсатым деп білемін. Мысалы менің балаларым, жұбайым, туыстарым, достарым бар. Мен оларға көңіл бөлінбеуін қаламаймын. Қазіргі заманның сұранысына сәйкес, мамандар жан жақты тәжірибе алмасу үшін, тілді меңгере отырып, басқалардан бір саты жоғары болуы қажет. Мен өзімнің уақытымды барынша үнемдеп, тіпті дәрі дәрмекті де онлайн тапсырыспен алдыруды жөн көремін. Адамдардың бос уақытын сүйікті адамдарына арнауын қалаймын. Сондықтан да адамдарға онлайн білім беруді жөн көремін.

Оқу барысының белгілі уақыты (регламенті) бар ма? Бір онлайн курстың бағасы қандай?

Біз ұсынып отырған онлайн курстың бағасы, нарықтағы курстармен салыстырсақ студенттерге тиімді әрі сапалы. Себебі біздің курстағы мұғалімдер тек керекті және нәтижесі бар әдістермен жұмыс жасайды. Бұл курстың бағасын арзандатады және бізде кітап және қосымша электронды материалдар тегін беріледі. Бір курстың ұзақтығы орташа есеппен 4 ай. Демек білім алушы айына 12 рет сабаққа қатысады. Сабақ уақытын қатысушы өзі таңдайды. Ал курстың бағасы таңдалған бағыт бойынша өзгереді. Толық ақпаратты Online-еnglish.kz сайтынан біле аласыздар.