Саясат
ҚР ҰҚК
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында қорқытып алынатын соманы алғаннан кейін ҰҚТ-ның екі қатысушысы "Р" және "Д" қылмыс үстінде ұсталды. Сот оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. 2019 жылғы 23-24 мамырда одан әрі іс-шаралар барысында осы қылмысқа қатысы бар ҰҚТ-ның тағы екі мүшесі анықталып, ұсталды. ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.