Спорт

Хави «Аль-Саддты» басқарды

Бапкерлік лауазымда өзін қалай танытар екен?!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Барселонаның" бұрынғы жартылай қорғаушысы Хави катарлық "Аль-Садд" клубының бас бапкері болып тағайындалды.

Испандық ойыншы "Аль-Садд" клубының сапында 2015 жылдан бастап ойнап, 86 ойын өткізді. Осы ойындар барысында 22 гол соғып, 28 нәтижелі пас жасаған. Биылғы жылдың 20 маусымында ойыншы мансабын аяқтады.

Айта кетейік, Хави Испания құрамасы сапында екі дүркін Еуропа чемпионы және 2010 жылғы Әлем чемпионы. "Барселона" сапында сегіз рет Испания біріншілігін, төрт рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған.