Саясат
Балқан түбегінде не болып жатыр?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comКөбінесе сербиялықтар мекендейтін Косованың солтүстік бөлігіндегі кең көлемдегі полициялық операция жиырмадан астам адамның қамалуына алып келді. Бұл Сербия президенті Александр Вучичтің шұғыл мәлімдеме жасауына себер болды.
Косованың арнайы күштері сейсенбі күні таңертең рейдтер жүргізді. Косова үкіметінің айтуы бойынша, ұсталғандардың көбі полиция және кедендік офицерлер. Оларға қару-жарақтың заңсыз тасымалы мен жемқорлықпен байланысты деген айып тағылып отыр.
Косованың Сербиядан тәуелсіздігін БҰҰ-ның кейбір мүшелері мойындап, кейбіреуі мойындаудан бас тартып отыр.
Сербия президенті бұл оқиғаларды сербиялықтарға шабуыл ретінде танып, Белградтың Косовадағы сербиялықтарға зиян келтірмеуіне жол берілмейді деп мәлімдеме жасады.
"Біздің әскер Солтүстік Косовадағы кез-келген қауіп кезінде өз адамдарын қорғайды", – деді Александр Вучич үкіметте.
"Біз жаңа "Боран" операциясына жол бермейміз. Барлық полиция, арнай күштер мен спецназдың барлық бөлімдері сақадай сай тұр", – деді президент 1995 жылғы Балқан соғысы кезіндегі хорваттардың сербиялық күштерге қарсы әскери операциясына сілтеме жасап.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61