Саясат
Білім және ғылым министрі жауап берді
Еске салайық, 24 мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры Рамазан Әлімқұловты ұстаған болатын.
"Тергеу амалдары жүріп жатыр. Бізге белгілі болғандай, ол мемлекеттік сатып алу кезінде қалаға келуші адамдарды орналастыратын қонақүйлерді таңдауға қатысты қамауға алынған", - деді министр Шәмшидинова.
"Қазіргі таңда бұрынғы Ұлттық тестілеу орталығының бас директорының міндетін атқарушы (орталықты 2016 жылы басқарған) білім жүйесімен байланысты мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында үлестес компаниялардың мүддесін лоббилендіруі үшін пара ретінде бағасы 9 миллион теңгеден асатын Toyota Camry алды деп танылды", - делінген еді агенттіктің хабарламасында.