Weekend
Онлайн-трансляция басталды.
Трансляция WWF-тың Facebook-тегі парақшасында мамырдың 10 күні басталған. Ол жерде ұйымдастырушылар пластмасса бөтелкенің табиғи жолмен жойылу процесін көрсетуді жоспарлайды.
Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, трансляцияның ұзақтығы 450 жылдан да асып кетуі мүмкін. Өйткені пластмассаның табиғи жолмен жойылуы оның құрамына тікелей қатысты екен. Әзірге трансляцияның қанша уақытқа созылатыны бәрімізге белгісіз.
Дегенмен экологтар трансляция арқылы әлем халқының назарын қоршаған ортаның ластануына аударуды көздейді. Әрі пластмасса өнімдерін тұтыну мөлшерін азайту қажет екеніне де көпшілікке айтқысы келеді. Бүгінгі күнде әлемде 9 млрд тонна пластмасса бар. Оның 6 млрд тоннасы қалдық екен. Сол қалдықтың 10 пайызы немесе 600 млн тоннадан астамы мұхиттарда қалқуда. Соның салдарынан жер бетіндегі тасбақалардың тең жартысының асқазанына пластмасса қалдығы түскен көрінеді.
Ал су құстарының 90 пайызының асқазанында пластмасса бар деген болжам да бар. Сонымен қатар, ғалымдар соңғы 50 жылда пластмасса қалдықтарының кесірінен жан-жануарлардың 20 пайызының тұқымы құрып кеткені жайлы деректер айтады.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры ұйымдастырған трансляция бұл мәселеге көңіл аударуды көздеген алғашқы шара емес. Бірінші трансляция 30 наурызда Португалия астанасы Лиссабонда басталды. Ондағы трансляцияны ұйымдастырушылар осы шара арқылы арнайы петицияға 400 мың адамға қол қойдыруды көздеген. Сөйтіп әлгі петицияны БҰҰ-да өтетін жиындарда әлем елдері жетекшілерінің назарына ұсынуды көздесе керек.
Қазірдің өзінде петицияға қол қойғандар саны әу бастағы межеден асып кетті. Ал Facebook трансляция кейін басталды.