Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары ЕЭК-тің Құрметті төрағасы болды

Еуразиялық Экономикалық Кеңестің шағын құрамдағы отырысында Н.Назарбаев жаңа лауазым иеленді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы атағын беру ұсынылды. Бұл туралы inform.kz хабарлайды.

«Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі шара еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 және Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімнің 5 жылдығына арналып отыр.  Еуразиялық  интеграция идеясының авторы және бастамашысы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке құрмет көрсетуге рұқсат етіңіздер.  Қазақстанның Тұңғыш Президентінің саяси  көрегендігінің арқасында еуразиялық  интеграция идеясы шынайы жүзеге асырылып, құрлықтың экономикалық, сонымен қатар геосаяси ландшафтын түрлендірді десек те болады. Сондықтан оның Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуындағы рөлін ескере  келе РФ Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Әбішұлына  Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің Құрметті төрағасы атағын беруді ұсынды», - деді Жоғары Еуразия экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысын ашқан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы ретте ҚР Президенті  осы бастаманы көтерген Владимир Путинге және бастамаға толықтай қолдау білдірген кеңеске мүше мемлекеттердің басшыларына ризашылығын айтты.