Саясат
Тұңғыш президент
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЕлбасы 2014 жылы 29 мамырда ел астанасында Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойғанын еске салды.
"Бүгін міне бес жыл толып отыр. Мен сіздерді біздің алғашқы кішігірім мерейтойымызбен құттықтаймын", - деді Назарбаев.
Ол ЕАЭО Еуропаны да, Азияны да байланыстыратын үлкен аумақ екенін атап өтті.
"Күнделікті қиындықтарды бір шетке ысырып қойып, сізбен бірге біздің аумақта бұрын-соңды болмаған бірегей одақ құрғанымызды ұғынуымыз керек. Бүгінде одақ әлемдік құрлықтың 14 процентін, 20 миллион шаршы шақырымды алып жатыр", - деді Назарбаев.
Елбасы одақ бес елдің мүмкіндіктерін біріктіріп, әлемде мұнай өндіру бойынша бірінші орынға шыққанын, газ, уран, көмір бойынша жетекші орын алатынын айтты.
"Осы көрсеткіштермен мақтануға болады", - деді ол.
Нұр-Сұлтандағы мерейтойлық саммит
Нұр-Сұлтанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммиті басталды. ЖЕЭК отырысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 жылдығы мен ЕАЭО құру туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығына орайластырылған.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің бірлескен мәлімдемесі мерейтойлы саммитте қабылданатын басты құжат болмақ.
Алқалы жиынға Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей басшысы Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков, Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысып жатыр.
sputniknews.kz
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61