Weekend
Бүгін Годзилла туралы жаңа блокбастер шықты
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Көктемнің соңғы аптасы басталды. Аптаның премьералары көп емес, бірақ әрқайсысы назар аударуға тұрарлық картиналар.
«Годзилла: Монстрлар патшасы» («Годзилла 2: Король монстров» / «Godzilla: King of the Monster») [14+]: Warner Bros. Студиясының 200 миллион долларлық ірі жобасы. Бұл 2014 жылы шыққан «Годзилла», 2017 жылғы «Конг: Бассүйек аралы» блокбастерлерінің жалғасы.
Сюжеті алдыңғы бөлімнің оқиғасын жалғастырады. Алып монстрларды тоқтатуға арналған "Монарх" деген агенттік құрылады. Бұл жолы жаңа құбыжықтар пайда болады – Мотра, Родан және үш басты Кинг Гидора. Бұларға адамдардың күші жетпейтіні белгілі, оларға Годзилла ғана қарсы тұра алады.
«Үй жануарларының құпия өмірі 2» («Тайная жизнь домашних животных 2» / «The Secret Life of Pets 2») [6+]: Бұл мультфильмнің алғашқы бөлімі 2016 жылы шыққаны естеріңізде болар. Үй жануарлары туралы қызықты оқиға әрі қарай жалғасады.
Жаңа бөлімде Макс есімді иттің үйінде жаңалық: иесі Кэти күйеуге шығып, сәбиді өмірге әкеледі. Балаға қамқор болам деп Макстің жүйкесі сыр бере бастайды.
«Чарлидің сөзі» («Так сказал Чарли» / «Charlie Says») [16+]: Чарльз Мэнсон – Американың ХХ ғасырдағы тарихындағы ең атақты қылмыскерлерінің бірі, «Отбасы» сектасын құрған маньяк, оның бандасының қолынан режиссер Роман Поланскидің жары актриса Шэрон Тейт қайтыс болды.
Сюжетте осы банданың тіршілігі басқа қырынан баяндалады. Жас аспирант «Отбасы» сектасының мүшесі болған қыздардың адам өлтіру қылмыстары туралы жұмыс жазады. Бұл банданың негізін қалаушы – өлім жазасына кесілген Чарльз Мэнсон. Гипнозымен баурап алатын қасиеті бар қылмыскердің қол астында жүріп, қыздар кез келген қылмысқа дайын еді. Аспирант секта мүшелері болған үш қыз отырған түрмеге келеді.
Чарльз Мэнсон рөлінде – ағылшын актері Мэтт Смит.
«Сүйікті күйеу бала» («SuperЗять» / «Le gendre de ma vie») [16+]: Француз киносының жұлдызы Кад Мерад қатысқан комедия.
Фильмде Стефан деген үш қыздың әкесі туралы айтылады. Әке қыздарын тезірек күйеуге беруді армандайды. Олардың қасынан көрген әр жігітке күйеу баласындай қарайды. Кенже қызы Томас деген көркем жігітпен ажырасқалы жатқанын білгенде, Стефан ашуға мінеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61