Саясат

«Зейнетақы жүйесінде қандай өзгеріс болмақ?» Путин жауап берді

Қазақстанға да қатысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ЕАЭО елдері азаматтарының зейнетақысын есептеген кезде, олардың одаққа мүше басқа елдегі еңбек өтілі де толығымен есепке алынады. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді.

Путин Еуразиялық комиссия зейнетақы жүйесіне өзгеріс енгізетін келісім әзірлеп жатқанын атап өтті.

"Бұл құжат зейнетақыны есептеген кезде, ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің аумағындағы еңбек өтілін толықтай есепке алуға мүмкіндік береді. Меніңше, өмір бойы жұмыс істеген азамат үшін мұның маңызы зор. Бастысы, еңбек өтілін растайтын тиісті құжаты болса болғаны", - деді Ресей басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген отырысында

Ол келісімнің күшіне енуі одаққа мүше елдердің азаматтарының құқықтары мен мүдделерін толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.

ЖЕЭК-тің мерейтойлық самми

Нұр-Сұлтанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммиті өтті. ЖЕЭК отырысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 жылдығы мен ЕАЭО құру туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығына орайластырылған.

2014 жылдың 29 мамырында Қазақстан астанасында Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері ЕАЭО туралы шартқа қол қойған еді. Кейінірек шартқа Армения мен Қырғызстан қосылды. Одақ қызмет көрсету, капитал, жұмыс күші мен тауар еркіндігін қамтамасыз етеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрамына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Армения премьер-министрі Никол Пашинян кіреді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген отырысына Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей басшысы Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Молдова президенті Игорь Додон, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон қатысты.

sputniknews.kz