Саясат

Ұлттық экономика министрі отставкаға кете ме?

Руслан Дәленов отставкаға кетуге дайын екенін жеткізді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қол астындағы қызметкері Асланбек Жақыповқа қатысты сот үкімі күшіне енгеннен кейін отставкаға кетуге дайын екенін айтты. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды. 

"Сот үкімі күшіне енгенде, отставкаға кетуге өтініш беремін. Бұл дұрыс практика. Бұл бірінші басшының моралдық жауапкершілігі. Оның кінәсі қаншалықты екенін жоғары тұрған басшылық анықтайды", - деді Дәленов сенат кулуарында.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарамағындағы қызметкерлері жемқорлық жасаса, басшылар отставкаға кетуі керек екенін мәлімдеген еді.
Айта кетсек, ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыповқа биыл сәуір айында 500 мың теңге пара алды деген айып тағылды.
Кейінірек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлағандай, ұлттық экономика министрлігінің бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Жақыповтың ісі алаяқтық бабымен алмастырылды. 29 мамыр күні Есіл аудандық соты шенеунікті кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61