Weekend

Шымкентте көпбалалы аналар мен әкелер арнаулы әлеуметтік көмек алу үшін ажырасып жатыр

Соттар арыздың астында қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында көпбалалы аналар мен әкелер арнаулы әлеуметтік көмек алу үшін ажырасуға, әкеліктен бас тартуға арыз беріп жатыр. Соттар арыздың астында қалған. Себебін дұрыстап сұраса, себеп – әр балаға беріледі деген 21 000 теңгені алу.

Сот ғимараты көпбалалы аналарға толып қалған, ал әкелер өз балаларынан амалсыз бас тартып жатқан көрінеді. Шымкет қаласы Еңбекші сотының судьясы Қайрат Ізбасаров аптасына 10-15 өтініш түсіп жатқанын жеткізді.

"Біз барлығымен сөйлесіп жатырмыз, анық болғандай, бәрінің себебі бір – әлеуметтік көмек алу. Кейін әкелік құқыңды қайтара алмайсың дегеннен кейін жартысы арызын қайта алып жатыр", - дейді Ізбасаров. 

Жаңа заң механизміне сай, Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек облыстарда белгіленген төменгі жалақыдан төмен табысы бар физикалық тұлғаларға беріледі. Ажырасу арқылы көпбалалы отбасылар сол статусқа жететініне сенімді. Арнаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдіру 2019 жылдың 1 сәуірінде басталған еді.