Саясат
Экологиялық апат күшейе бермек
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚытайда 30 мың өзен жойылып кеткен. Ғалымдар мен экологтар бұған басты себеп ретінде Қытай билігінің жер қойнауын барынша қазып, ресурстарды себепсіз пайдалануы деп отыр.
Қытайдың су ресурстары министрлігі өткен ғасырға қарағанда өзендердің саны екі есе азайып кеткенін мойындап отыр. Мысалы соңғы есептеу 2011 жылы орын алып, онда 800 мың геодезист қатысқан еді. Геодезистер су жинауы 100 шаршы шақырымға жететін 22909 өзен барын анықтаған. Бұл өткен ғасырдағыдан екі есе аз. ХХ ғасырдың орта тұсында Қытайда су жинауы 100 шаршы шақырымды құрайтын 55 мың өзен болған.
Қытай билігі азайған өзендер мәселесін шалғай өңірлердегі халықтың аурудан жаппай қырылуынан кейін көтере бастады. Шалғай өңірлердегі халық су көзі азайып кеткендіктен, түрлі лас суды ішуге мәжбүр болып, асқазан және ішек ауруларына шалдыққан.
Қытайда ірі өзендерге жаппай су электр станцияларын салу қарқынды жүруде. Бұл өз кезегінде кіші өзендердің өмірін тоқтатады. Соның салдарынан жарты ғасыр ішінде Қытайда 30 мың өзен жойылып кеткен. Бұл көрсеткіш Қытай экономикасы артқан сайын күшейе бермек дейді сарапшылар.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61