Саясат
Талаптарды орындамай отыр
АҚШ қорғаныс министрлігі Ресей ядролық қаруды сынақтан өткізуі мүмкін деп қауіптенеді. "Мәскеу ядролық қуаты аз қаруды сынап көруі мүмкін" деп 29 мамырда Пентагонның барлау басқармасының басшысы Роберт Эшли мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық мәлімдейді.
Вашингтон Ресей ядролық сынаққа мүлдем тыйым салатын "құжат талаптарын орындамай отыр ма" деп күдіктенеді. Роберт Эшлидің сөзінше, сынаққа мораторий жарияланғанына қарамастан, Ресейдің ядролық қуаты аз қаруды сынап көруге техникалық мүмкіндігі бар.
БҰҰ-ға мүше елдер ядролық қаруды сынақтан өткізбеуге 1996 жылы уағдаласқан. Содан бері келісімге 185 мемлекет қол қойды. Бірақ ұйымға мүше сегіз ел құжатты әлі ратификацияламағандықтан келісім күшіне енбеген. Сегіз елдің қатарында АҚШ, Қытай, Иран бар. Ресей келісімді 2000 жылы ратификациялаған.