Weekend
Адамның қорылдауы – жоғарғы тыныс жолының деңгейінде болатын дыбыс
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Әр күн сайын көптеген адамдар жанындағы жатқан жанның әсерінен ұйықтай алмай жатады. Ұйқысы қанбаған жанның ашулы болатына да белгілі шығар. Сондықтан 8 сағаттық дұрыс ұйқы барлық адамдарға керек. Осы ретте ұйқыға кедергі келтіретін ең маңызды нәсерге тоқталсақ деп отырмын. Бұл адамның қорылы болып табылады.
Адамның қорылдауы – жоғарғы тыныс жолының деңгейінде болатын дыбыс. Ғылыми тілмен сипаттар болсақ, дыбыстың қайнар көзі – тілдің тамырына ілулі рудандық түзілім. Жұмсақ тамыр іші ішінен мұрын қуысына кіреді, сондықтан жұтылмаған тамақ өңештің ортасына өтеді және көтерілмейді екен. Осы себептіде адам қорылдау дертіне душар болады.
Апноэлы адамда түндегі тыныс алу саны 600 ретті құрауы мүмкін. Егер тыныс алудың барлық түрлерін қорытындыласақ, онда ұйқының жартысы тыныс алумен, ал екінші олай болмайды. Ұйқы апноэсының салдары ұйқысыздыққа алып келеді. Адамға түнде оттегі жетіспейді. Ал, оттегі жетіспеушілігіне байланысты әр түрлі аурулары, соның ішінде жүрек-қан тамырлары аурулары пайда болады. Бұл арқылы жүрек түнде демалудың орнына екі есе көп жұмыс істеуіне тура келеді. Артериялық қан қысымы болмас үшін жетіспеген оттегіні жинауға кіріседі екен.
Жалпы қорылды емдеудің жолы бар ма?! Бұл синдромда өзге аурулар секілді сатыға бөлінеді. Егерде бастапқы сатыдағы қорыл болса, оны емдеу оңайыңырақ болады. Негізі қорылдау сан түрлі себептерден болады. Ең бастысы оның себебін анықтау қажет. Мүмкін бұл процес артық салмақ әсерінен болып жатқан шығар, олай болса сізгк артық майларды жою үшін біраз тер төгуге тура келеді. Медицина ғылымдарының докторы, доцент Миxаил Полуэктовтың айтуынша қорылды СИПАП-терапия арқылы емдеуге болады екен. Арнайы маска арқылы дем беріледі, осының нәтижесінде адам дұрыс тыныс ала алады.