Спорт
Марк Уолбергтің продюсерлік туындысы.
"40 дней" деп аталатын фильмді DAZN стриминг компаниясы түсіріп жатыр. Туындыға GGG мен канадалық Стив Роллстың кездесуі негіз болған.
"Біз "40 дней" атты туындыны көрсетуге қуаныштымыз. GGG мен Стив Роллстың жекпе-жегінде қолдау көрсетіңіз", - деп DAZN өкілдері фильмін таныстырды.
"Бокстың жанкүйері болғандығымнан DAZN компаниясымен әріптестікке қуаныштымын. Бұл туындыда Геннадийдің жекпе-жекке дейінгі дайындығы көрсетіледі",- деп Марк Уолберг BoxingScene басылымына мәлімдеді.
"Big Drama Show жасау үшін көп жұмыс істеу керек. "40 күн" жаттығу лагерінде болдық. Фильмнен бокс жанкүйерлері ондағы болған жаттығуларды толығымен көре алады. Біз Джонатан Бэнкспен Madison Square Garden алаңында болатын жекпе-жекке дайындалып жатырмыз", - деді Головкин.
"40 дней" - әлемге әйгілі боксшылар туралы деректі фильм сериялары. Головкин - Роллс жекпе-жегі жайлы бөлімі DAZN мен Unrealistic Ideas және Film 45 әріптестігімен бірлесіп түсірілген.
"GGG-дің Big Bear лагеріне барғанда біз Головкиннен оның тарихы туралы кім айтып бере алатынын сұрадық. Ол бірден Марк Уолберг пен Питер Бергті ұсынды", - деді DAZN компаниясының өкілі Джейми Горовиц.