Weekend
Пирамида құрылысы
«Уақыттан бәрі қорқады, ал уақыт пирамидадан қорқады» - деген араб мақала есімі түсіп отыр. Шынымен-ақ әлі күнге дейін сақталған бұл кешеннің сыры мен тылсымы сан алуан. Осындай ғажап кешенді адамдар тұрғызды ма?- деп ойланып та қаламыз. Пирамидалар біздің заманымыздан 4 мың жыл бұрын салынғаны мәлім. Алайда осындай алып тастардан, биік пирамидаларды тұрғызу адамның қолынан келе ме екен?! Кейбір ғалымдар пікірі бойынша оларды құрған адамдар емес, жындар деп айтады. Енді бірі бөтен ғаламшардан келгендер салған дейді. Олай дейтінім қазірде теxнология дамыған заманның өзінде мұндай кешен салу мүмкін емес. 1989 жылы Лувр жанына салынған сәулетші Пэйдің пирамиласының биіктігі 22 метрден аспайды. Ал 1972 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында пирамидаға еліктеп салынған xалықаралық штаб пәтердің биіктігі 260 метр болғанымен, көлемі Хеопс пирамидасының жартысына жетпейді. Сондықта пирамида адамзат тариxындағы 7 кереметтің бірі болып табылады.
Мысырдың Гиза жазығында тұрған Хеопс пирамидасын «ұлы» деп атауға болады. Себебі осыншама уақыт өзін сақтап тұрған, әлемдегі 140 метрге жететін биік ғимараттардың бірі. Және де алып тастардан салынғандығымен ерекшеленеді. Оның жалпы салмаға 5 млн тоннаны құрайды. Бүкіл құрылысты салу үшін 5/15 гектар жер жұмсалған. Бұл аймаққа 200 теннис алаңы мен Римдегі әулие Петрдің 2 шіркеуін сыйғызуға болады. Б.з.д 2518 жылдары Египет перғауыны өзінің болашақ моласы ретінде осы пирамиданы салдырған екен. Бүгінге дейін оның құрылысынан жоқ болған зат, пирамиданың ұшар басында тұрған алтын.
Ең бастысы бұл кешеннің қалай салынғаны қызық болар. Өте үлкен тастардың қандай дәлдікпен орналастырылғаны беймәлім. Одан басқа қалай құрылыс аймағына жеткізіліп қаланғаны да құпия. Тағы да бір ерекшелгі пирамиданың 4 жағы, әлемнің 4 бұрышын көрсетіп тұрады екен. Тек қана 8 минуттық ауытқу байқалады. Хеопсқа көрші Хафр пирамидасы бар. Оның биіктігі 143,5 метрді құрайды. Одан кейін биіктігі 65 метрлік Менxауэр пирамидасы орналасқан. Жоғарыдан қарағанда үшеуіде батысқа бағытталып салынғандығын байқауға болады. Оларға қатарласа 3 пирамида орналасқан. Бұл ғимараттардың перғауындардың әйелдері мен аналарына арналып салынған. Сонымен қатар арыстан басты, тастан қашалып салынған әйгілі Сфинск да осында.
Қорытындылай келе әлемге әйгілі бұл пирамидалар сыры әлі күнге ашылған жоқ екенін айтуға болады. Болашақта ашылмай қалу да мүмкін. Дегенмен осы арқылы тылсым күшке сенуімізге тура келеді.